Малайзияда қандай тілде сөйлеседі?
Малайзияның ресми тілі малай тілі, ал екінші ресми тілі болып ағылшын тілі есептеледі, сол үшін де барлық оқу үрдістері және әдебиеттер ағылшын тілінде. Барлық ірі шетел компаниялар ағылшын тілін білушілерді алдыңғы қатарда жұмысқа алады, сонымен қатар сіз Малайзияда ағылшын тілін білсеңіз ешқандай тілдік кедергіге ұшырамай емін еркін жүре аласыз.
Малайзияда өмір сүру қауіпсіз бе?
Малайзия әлемнің 153 мемлекеті арасында Оңтүстік Шығыс Азияның ең қауіпсіз мемлекеттері арасында 19шы орынды иемденген.
Ол жақтағы мәдениет/тамақ/жергілікті тұрғындар қандай?
Малайзияның ерекше тартымдылығы жергілікті қоныстанған түрлі ұлт өкілдері ғасырлар бойы сақталған бай мәдениетінің сақтаушылар арқылы көрініс табады. Малайлықтар өте ақ пейілді жандар, ұрыс керісті ұнатпайды. Малайзияда ғасырлар бойы жинақталған мәдениеттер ошағы бар, әлемнің түрлі бұрышынан келген ұлттардың асханаларын кездестіре аласыз.
Ең перспективті ЖООны қалай таңдап алуыма болады?
Біз сіздің қалауыңыз бен қаржылық мүмкіншіліктеріңізді, алған біліміңізді есепке ала отырып сізге сәйкес келетін ЖОО таңдауыңызға әсер ететін нақты кеңес береміз, сонымен қатар әрбір ЖОО туралы толық ақпарат беріп өтеді.
Мен қандай диплом аламын?
Олар екі диплом алуды қамтамасыз ете алады, оның бірі малайзиялық екіншісі батыс еуропалық. Малайзиядағы мемлекеттік және жекеменшік университеттер осы сынды бағдарлмаларды ҰлыБританияның, АҚШтың, Австралияның, Канаданың , Францияның және басқа да мемлекеттердің көшбасшы универрситтерімен серіктестіктері негізінде ұсына алады.
Оқуға түсу үшін құжаттар қалай дайындалады?
Сіз Fattah education офисіне келіп, ағылшын тілі деңгейі бойынша EET (English entry test), EPT (English placement test) тест тапсырасыз, ары қарай біз университеттердің қабылдау комиссисымен бірігіп Сіздің түсуіңізге байланысты құжаттарды дайындаймыз.
Бітіргеннен соң жұмысқа орналаса аламын ба?
Статистика бойынша, Малайзия Университеттерінің диплом иегерлерінің 70% ЖОО бітірген бойда лайықты жұмысқа орналасып кетеді.
Сабақтан тыс тағы нелермен айналысуға болады?
Студенттер үшін әрбір оқу ғимараттарында ең жақсы әрі замануи жағдайлар жасалған: жаттығу залы, бейнелеу өнері курстары, музыкалық топтар, би алаңдары және басқа да көптеген үйірмелер. Сонымен қатар, жақын жерде орналасқан баскетбол алаңы, бадминтон, футбол және үстел теннисіне арналған ойын алаңдары орналасқан студенттік орталық бар. Үздіксіз түрде көптеген сапарлар, олимпиадалар және мерекелер өткізіліп тұрады.
Малайзияда өмір сүру қанша тұрады?
Тұрғылықты жер үшін орташа баға - 250 доллар, мунда тамақтану мен қалта шығыны ақшалары кірмейды.
Сұрақ қою