LEA Language School

Оқу бағдарламалары:Тіл курстары

Орналасқан жері:Куала-Лумпур

Түрі:Жеке-меншік

Құны:Айына $817

London English Academy шетелдік студенттерге ағылшын тілі курстарын ұсынатын Малайзиядағы ең үздік ағылшын тілі мектептерінің бірі. LEA Тіл орталығы Петалинг Джаяда орналасқан, ол Куала-Лумпурдан 25-30 минуттық жер болып табылады. Мектеп Куала-Лумпурдағы London English Academy сертификатын мойындайтын және ешқандай қосымша тестілеусіз-ақ оқуға қабылдайтын бірқатар жекеменшік университтермен серіктестікте жұмыс жасайды.

Жоғары білікті оқытушылар осы академияда оқитын студенттердің бір айдан кейін-ақ ағылшын тілінде еркін сөйлей алуына кепілдік береді. London English Academy барлық деңгейлер бойынша, TOEFL, IELTS тестілеулеріне дайындауда түрлі бағдарламалар ұсынады. Мектеп оқушылары үшін және студенттерге арналған жаздық және қыстық демалыстық бағдарламалар бар. Сабақтың интенсивтілігі: күніне 5 сағаттан аптасына 5 рет.