TAYLOR’S University

Факультеттер:Бизнес, қонақүй ісі, туризм және аспаздық өнер, архитектура, құрылыс және дизайн, дизайн, қоғаммен байланыс және pr, компьютинг және ақпараттық технологиялар, инженерия, медицина, фармацевтика, биоғылымдар, биотехнология, заңтану, педагогика (білім)

Орналасқан жері:Субанг Джая

Оқу бағдарламалары:Тіл курстары, университетке дейінгі бағдарламалар, Бакалавр, Магистратура, Докторантура бағдарламалары

Серіктестер: University of the West of England, The University of Birmingham, University of Bath (Ұлыбритания), University of Toulouse and Academie de Toulouse (Франция), Australian National University, University of Tasmania, The University of Sydney (Аустралия), The University of Aukland (Жаңа Зеландия) и др.

Түрі:Жеке-меншік

Құны:жылына 8700$ бастап

Бұл студенттік өмір және оқу үшін толық қолдау көрсететін, көрнекті мүмкіндіктер және кең ауқымды оқу бағдарламаларын ұсынатын әлемдік деңгейдегі оқу орны болып табылады. Taylor университеті түлектерін әлеуетті жұмыс берушілердің алдында және басқа үміткерлер арасында ерекшеленетін Shine сыйлығымен марапаттайтын Малайзиядағы жалғыз оқу орны болып табылады.

Студенттік өмір:Университет өз студенттеріне инфрақұрылымы жағынан ыңғайлы орналасқан бірнеше кампус ұсынады. Олар 4 тен 24- қабатқа дейін баратын түрлі жоспарда салынған апартаменттер. Кейбір апартаменттерде бассейн және түрлі форматтағы спорттық алаңдары бар. Қауіпсіздік барлық ғимаратта қамтылған. Корпустың барлығы студенттерге оқу жөнімен қатар демалуға мүмкіндік беретін оқу ғимаратына, ірі сауда үйлеріне, сондай-ақ түрлі көңіл көтеру орталықтарына жақын орналасқан. Университет аумағында түрлі шахмат және пікірталастық клубтары, жауынгерлік өнер және театрлық студия секциялары сынды студенттік ұйымдар жұмыс жасайды. Университет әкімшілігі студенттердің бос уақыттарының ЖОО материалды базасы тұрғысынан белсенді өтуіне ықпал етеді.