University of Nottingham

Факультеттер:Инженерлік ісі, Жаратылыстану ғылымдары, Өнер және әлеуметтік ғылымдар, Бизнес

Орналасқан жері:Семениих

Партнеры: Bucknell University (АҚШ), Concordia University (Канада), Sciences Po Toulouse (Франция), Tech De Monterrey (Мексика), University of Birmingham, University of Glasgow (Ұлыбритания), University of Queensland (Аустралия) және т.б.

Оқу бағдарламалары:Университетке дейінгі бағдарламалар, Бакалавр, Магистратура, Докторантура бағдарламалары

Түрі:Жеке-меншік

Құны:жылына 8000$ бастап

Ноттингем университеті (University of Nottingham Malaysia Campus) – 1881 жылы негізі Ұлыбританияда қаланған жеке меншік университет. 2000 жылдың қыркүйегінде Куала-Лумпур жанындағы Семениих қалашығында Малайзиядағы университет бөлімі ашылды. Әлемнің 50 елінен 5000 жуық студенттер білім алуда. Тамаша білім сапасы МВА қауымдастығының (МВА қауымдастығы) және Ұлыбритания Инженерлік Кеңес мұндай ұйымдарымен аккредиттелген және расталған. Шанхай Көлік Университеті (Цзяотун) (the Shanghai Jiao Tong; SJTU) және британдық «Times Higher Education» (THES) журналдарының рейтінгі бойынша әлемнің ең үздік 70, ал Англияның ең үздік 10 университеттерінің қатарына кіреді. Ғылыми зерттеулері Нобель сыйлығын екі мәрте жеңіп алды.

Университет қалашығының инфрақұрылымы:Кампус заманауи жабдықтарымен, компьютерлік сыныптарымен, зертханалармен, бай кітапхана қоры, концерттік зал- театр және Wi-Fi 24 сағаттық сымсыз ғаламтормен қамтылған. Студенттер қарамағына спорт комплексі, баскетбол және сквош алаңдары, теннис корты, жүзу бассейн және спорт кешендері берілген.