Swinburne University of Technology

Факультеттер:Бизнес және Сауда, Дизайн, Инженерия, Ақпараттық және Коммуникациялық Технологиялар, Жаратылыстану ғылымдары

Орналасқан жері:Саравак, Кучинг

Оқу бағдарламалары:Тіл курстары, университетке дейінгі бағдарламалар, Бакалавр, Магистратура, Докторантура бағдарламалары

Серіктестер:Swinburne University of Technology (Ұлыбритания), Melbourne (Аустарлия)

Түрі:Жеке-меншік

Құны:жылына 6000$ бастап

Технологиялық Swinburne университеті Аустралияның Технологиялық Swinburne университетінің филиалы болып табылады. Қазіргі таңда әлемнің 40 елінен 4000-ға жуық студенттер білім алуда. Саравак Кампусы бакалавриат және магистратура инженерия, ғылым, сауда, бухгалтерлік есеп және дизайн бағыттары бойынша бағдарламалар ұсынады. Сонымен қатар, университет фаундейшннен бизнес, дизайн, ақпарттық технологиялар мультимедиясы, ғылым және техника бойынша бағдарламаларын ұсынады.

Технологиялық Swinburne университеті (Аустралия) беделді әлемдік академиялық тізімдерге сай, әлемнің жоғары технологиялар саласында үздік ЖОО арасында. Үшінші жыл қатарынан Swinburne әлем университеттерінің беделді академиялық рейтингі бойынша (ARWU) әлемнің 400 үздік ЖОО арасынан 1 орынға (3%), аустралия университеттерінің арасынан 10 орынға, Мельбурнде 3 орынға және физика саласынан әлем бойынша 75 орынға ие болды.